Басты Жаңалықтар 1200-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

1200-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

Астанада полиция үш күн рейд жүргізді. 20-22 қараша күндері жалғасқан шарада тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істеді. Рейд барысында 1200-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Оның ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 97 адамға қатысты материал толтырылып, 22 адам жауапкершілікке тартылған. Ал Қазақстанда заңсыз жүрген 20 шетел азаматы елден шығарылды.

Бөлісу