Басты Жаңалықтар Торонтода Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған концерт өтті

Торонтода Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған концерт өтті

Канаданың Торонто қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен  Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Этномәдени жәрмеңкеден басталған кеште ұлттық қолөнер мен салт-дәстүріміз кеңінен дәріптелді. Қазақтың танымал әндері мен күйлері орындалып, канадалық көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. Концерттің тағы бір ерекшелігі – қазақстандық дизайнерлердің ұлттық киім топтамаларының көрсетілімі болды. Жетігеннің әуенімен сүйемелденген сән көрсетілімі қазақы нақыш пен заманауи дизайнды үйлестірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай мәдени кездесулер шетелдегі отандастардың тарихи Отанымен байланысын нығайтып, Қазақстанның ұлттық мұрасын әлемге танытуға мүмкіндік береді.

Мадина Кеңесбаева, Торонто мен үлкен Торонто өңіріндегі қазақстандықтар қауымдастығының жетекшісі:

Бізде Торонтода және үлкен Торонто аймағында көптеген қазақтар бар. Мысалы, мен Канадаға 14 жыл бұрын көшіп келген кезде қазақстардың саны азырақ еді. Қазір көбейіп жатырмыз. Әр кездескен сайын жаңа адамдармен танысып жатырмыз. Қазақстаннан көшіп келген. Бәрі туған жерін сағынады. Біз үнемі балаларды осылай тәрбиелейміз. Тарихты таныстырғымыз келеді.

Бөлісу