Басты Жаңалықтар Қытай елшісі БАҚ өкілдерімен кездесті

Қытай елшісі БАҚ өкілдерімен кездесті

Қытай халықаралық даму жобаларына инвестиция салуды жалғастырып келеді. 2021 жылы басталған жаһандық даму бастамасы аясында 23 миллиард доллардан астам қаражат жұмылдырылған. Бүгінде бұл бағдарламаға 130-дан астам мемлекет пен халықаралық ұйым қолдау білдірген. Бұл жөнінде Астанада өткен брифингте Қазақстандағы Қытай елшісі мәлім етті.  Жалпы аталған жоба аясында әлемнің түрлі елдерінде 1800-ден астам жоба жүзеге асырылып, 200 мыңнан астам маман даярланған. Қытай тарапы бұл жобалар арқылы дамушы елдердің экономикасын қолдауды және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды көздейді. Ал Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейту екі ел арасындағы сауда мен инвестиция көлемін арттыруға бағытталған. Қытай елшісі «дипломатиялық қатынас» бірлескен жобаларды көбейтіп, өзара тиімді әріптестікті жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік деп санайды.

Хань Чуньлинь, Қазақстандағы ҚХР төтенше және өкілетті елшісі:

Келесі жылы Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толады. Қытай тарапы Қазақстан тарапымен бірлесіп, осы айтулы датаны Жаһандық даму бастамасын тереңдету және оны іс жүзінде жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндік ретінде пайдалануға дайын.

Бөлісу