Денис Тен қысқа бағдарламаны 9-шы аяқтады
|
Сочи Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жекелей сында ел сенім артқан Денис Тен қысқа бағдарламаны 9-шы аяқтады. Сырғанау барысында бір элементте қателікке бой алдырған қазақстандық спортшының 1,00 ұпайын төрешілер алып тастады.
Денис Теннің жалпы ұпай жиынтығы - 84,06. Оның ішінде бағдарлама жиынтығына 41,57 ұпай, ал жеке элементтердің орындау шеберлігіне 43,49 ұпай берілді.
Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша әлем рекордын жаңартқан жапондық Юзуру Ханю бірінші орынға көтерілді. 19 жастағы спортшы 101,45 ұпайға ие болды. Екінші және үшінші сатыға канадалық Патрик Чан мен испандық Хавьер Фернандес орналасты.
Келесі кезеңге 24 спортшы жолдама алды. Ертең мәнерлеп сырғанаушылар еркін бағдарлама бойынша сынға түседі. Сайыс 20:55-те басталады. «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир жүргізеді. |
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбе облысы аудандарындағы спорт мектептеріне қолдау көрсетілді
10.08.2026, 09:58
«Болашақ ойындары – 2026» турнирі аяқталды
10.08.2026, 09:58
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің жеңімпазы атанды
10.08.2026, 09:57
АҚШ-та күзетшілерді робот алмастыра бастады
10.08.2026, 09:55
Орман өрті қаулап, британдық Колумбияда төтенше жағдай жарияланды
10.08.2026, 09:51
Қазгидромет қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады
10.08.2026, 09:51
Ақтауда 13 жастағы баланың өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
10.08.2026, 09:50
Мектептерде медициналық тексеру жүйесі жаңартылады
10.08.2026, 09:49