Әншілер арасында «Арт футбол» фестивалі өтті
Бразилия, Германия, Голландия сынды көптеген елдерден жиналған командалардың арасында Қазақ елінің өкілдері де бар.
Қазақтың эстрада жұлдыздары - Мәскеуде. Алайда, жерлестеріміз гастролдік сапарға емес, доп сайысқа келді. Әншілігімен елге танылған өнерпаздар «спорттан да құралақан емеспіз», дейді.
Мұқасан Шахзадаев, «Нұр-Мұқасан» тобының әншісі:
Бала күнімнен доп тептім, футболшы болу арманым болды. Қазір жастарымыз не болса соған еліктеп, әуесқой болып кетті. Осындай алаңға келіп жүгірсе, денсаулықтарына пайдалы.
Жарысқа әлемнің 16 мемлекетінен келген командалар қатысты. Талап бойынша, әрбір топта 3 қана кәсіби футболшы, өзгесі әншілер болуы тиіс.
Медет Көжеков, «Арай» тобының әншісі:
Кейбір командаларда әншілерге қарағанда, кәсіпқой ойыншылар көп. Бізге шамалы қиындау болды.
Күнтуған Сұлтанұлы, «Серілер» тобының әншісі:
Көп командада өздерінің мемлекеттерінің жоғары лигасында ойнап жүрген 7-8 футболшыдан бар. Барлығына сай болып келген команда Қазақстан мен Италия деп жатыр. Италияда 80 пайызы әншілер, бізде 90 пайызы әншілер.
«Арт футбол» - әлемдік деңгейдегі қайырымдылық акциясы. Әншілер доп теуіп қана қоймай, бос кездерінде концерт те берді. Шарадан түскен қаражаттың барлығы науқасы ауыр балаларға таратылады.
Нұрлан Қонысбаев, «Нұр-Мұқасан» тобының әншісі:
Командалар 16 мемлекеттен келген. Олар концерт қойды. Ең жақсы топ деп, 2-ші орынды «Ринго» тобына беріп жатыр. Жалпы, біздің команданы жақсы бағалады.
Әншілер арасындағы футболдан әлем чемпионаты 1 апта бойы өтті. Қазақ өнерпаздары Англия мен Иранды ұтты. Ресей мен Голландиядан ұтылды. Ал, эстониялық әріптестерімен тең түсті.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбе облысы аудандарындағы спорт мектептеріне қолдау көрсетілді
10.08.2026, 09:58
«Болашақ ойындары – 2026» турнирі аяқталды
10.08.2026, 09:58
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің жеңімпазы атанды
10.08.2026, 09:57
АҚШ-та күзетшілерді робот алмастыра бастады
10.08.2026, 09:55
Орман өрті қаулап, британдық Колумбияда төтенше жағдай жарияланды
10.08.2026, 09:51
Қазгидромет қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады
10.08.2026, 09:51
Ақтауда 13 жастағы баланың өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
10.08.2026, 09:50
Мектептерде медициналық тексеру жүйесі жаңартылады
10.08.2026, 09:49