Жаңа Зеландияның оңтүстік аралындағы орманда өрт шықты
Көгершіндер алқабын шарпыған жалын 1800 гектардан астам жерге жайылған. Соның нәтижесінде үйлерге қауіп төніп, жүздеген отбасын эвакуациялауға тура келді. Дегенмен, бірнеше үй жанып кетті деген мәлімет бар.
Эвакуацияланған адамдар азаматтық қорғаныс орталықтарына орналастырылды. Ал, қаза тапқан немесе жараланғандар туралы деректер түскен жоқ.
Тілсіз жаумен күреске 12 бригада мен 10 тікұшақ және екі ұшақ жұмылдырылған. Мамандардың айтуынша, өртті сөндіруге төрт күн кетуі мүмкін.
Жансая АЛЬЧЕМБАЕВА
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аргентинада жүздеген мотоциклші көшеге шықты
17.08.2026, 17:17
Италиядағы музейден 15 ғасыр картиналары ұрланды
17.08.2026, 17:15
Грекиядағы өрттен екі адам қаза тапты
17.08.2026, 17:12
Сарапшы: Бір палаталы парламент депутат жауапкершілігін арттырады
17.08.2026, 17:10
Ұлыбританияда да Құрылтай сайлауына дайын
17.08.2026, 17:07
Өзбекстандағы Қазақстан азаматтары сайлауға қатыса алады
17.08.2026, 17:05
Қызылордалық сайлаушылар ЖИ қосымшасын пайдалана алады
17.08.2026, 17:02
23 тамызда қоғамдық көлік тегін жүреді
17.08.2026, 17:00