Италиядағы музейден 15 ғасыр картиналары ұрланды
Италияда 15-ші ғасыр суретшісі Антонелло да Мессинаның төрт бірдей картинасы ұрланды. Елдің мәдениет министрлігінің мәлімдеуінше, құнды жәдігерлер Сицилияның Мессина қаласының аймақтық музейінен қолды болған.
Осылайша мұражай қайта өрлеу дәуірінде өмір сүрген қылқалам шеберінің азғантай ғана сақталған туындыларының бір бөлігінен айрылып отыр. Мамандардың сөзінше, суреттер тақтайға салынған. Сондықтан оларды орап немесе бүктеп әкету мүмкін емес.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұрылар музейге сенбінің кешінде түскен. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18