Главная Новости Елордадағы LRT желісіне 20 жаңа станция салынады

Елордадағы LRT желісіне 20 жаңа станция салынады

Биылғы жылы бас қаладағы басты жаңалық LRT желісінің іске қосылуы болды. Мамыр айында жолға шыққан пойыздар Астанадағы көлік қатынасын біршама реттеді. Ұзындығы 22,4 шақырым болатын желі 18 станцияны қамтып, Халықаралық әуежайды «Нұрлы жол» теміржол вокзалымен байланыстырады. Алғашқы екі аптаның өзінде 1 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен. Қазір ЛРТ-ның екінші кезеңі жалғасып жатыр. Жобаға сәйкес оң жағалауда бес станция салынады. Олар Сарыарқа мен Жеңіс даңғылында және «Астана-1» теміржол вокзалы маңында орналасады. Ал Қосшы бағытындағы құрылыста қарқынды жүріп жатыр. Жалпы, екінші кезеңнің ұзындығы 26,51 шақырым. Тағы 20 жаңа станция салынады. Жоспар бойынша бұл жұмыстар келесі жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі.

Поделиться