Биыл адам басына шаққанда ЖІӨ көлемі 6,9 мың АҚШ долларын құрайды

2016 жылы Қазақстанда адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі 6,9 мың доллар көлемінде болады. Бұл болжамды Парламент Сенатының жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев айтқан. Оның бұл пікірін primeminister.kz сайты жазды.
«2016 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі 6,9 мың долларға бағаланып отыр»-деді Ерболат Досаев. Оның айтуына қарағанда бұл есеп доллардың теңгеге шаққандағы курсына байланысты болса керек. Өйткені, соңғы кездері доллардың құны артып кеткені белгілі.
Сонымен бірге, Е.Досаев биыл ЖІӨ-нің өсу мөлшерін 0,5 пайыз деп бағалап отыр. Министр мұнай мен металл бағасына қатысты мамандар болжаған сценарилерді, дағадарысқа қарсы жедел шараларды ескере отырып осындай қорытынды жасағандықтарын айтты. Яғани, жалпы ішкі өнім көлемінде аз да болса өсім болады биыл.
Министр 2016 жылы ауыл шаруашылығы саласында өсім болатындығын айтты. Яғни, бұл саладағы жалпы ішкі өнім көлемінің өсуі 3,5 пайыз болмақ. Ал, мұнайшылар биыл 74 млн тонна мұнай өндірмек. Инфляция болса 6-8 пайыз төңірегінде болады.
Жалпы ішкі өнімнің өсімі нәтижесінде 2016 жылы республикалық бюджеттің кіріс бөлігі 3,3 трлн теңгені құрайтындығын айтты Ерболат Досаев
.«2016 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі 6,9 мың долларға бағаланып отыр»-деді Ерболат Досаев. Оның айтуына қарағанда бұл есеп доллардың теңгеге шаққандағы курсына байланысты болса керек. Өйткені, соңғы кездері доллардың құны артып кеткені белгілі.
Сонымен бірге, Е.Досаев биыл ЖІӨ-нің өсу мөлшерін 0,5 пайыз деп бағалап отыр. Министр мұнай мен металл бағасына қатысты мамандар болжаған сценарилерді, дағадарысқа қарсы жедел шараларды ескере отырып осындай қорытынды жасағандықтарын айтты. Яғани, жалпы ішкі өнім көлемінде аз да болса өсім болады биыл.
Министр 2016 жылы ауыл шаруашылығы саласында өсім болатындығын айтты. Яғни, бұл саладағы жалпы ішкі өнім көлемінің өсуі 3,5 пайыз болмақ. Ал, мұнайшылар биыл 74 млн тонна мұнай өндірмек. Инфляция болса 6-8 пайыз төңірегінде болады.
Жалпы ішкі өнімнің өсімі нәтижесінде 2016 жылы республикалық бюджеттің кіріс бөлігі 3,3 трлн теңгені құрайтындығын айтты Ерболат Досаев
Kaznews.kaztrk.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13
Үгіт-насихат науқанының аяқталуына 1 апта қалды
14.08.2026, 20:12