БҚО-да қойма өртеніп, 45 тонна бидай жанып кетті
Оқиға кеше Бәйтерек ауданының Переметный ауылында болды. БҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Калининское» ЖШС аумағындағы қойма өртеніп, салдарынан шамамен 45 тонна жаздық бидай, 15 тонна тары, 16 тонна арпа жанып кеткен.
Аумағы 600 шаршы метрді қамтыған өрт 22:29-да оқшауланып, 00:01-де ауыздықталды.
Өртті сөндіруге өрт сөндіру бөлімінен 7 қызметкер, 2 техника, ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан 15 қызметкер, 2 техника жұмылдырылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО тұрғындары өзен жағасын қоқыстан тазартты
13.08.2026, 17:06
Қазақстан–Қытай мәдени байланысы беки түспек
13.08.2026, 17:05
ШҚО-да үш мыңға жуық волонтер жұмыс істейді
13.08.2026, 17:04
Елордадан Бурабайға есірткіге қарсы арнайы пойыз қатынай бастады
13.08.2026, 17:00
«Алтын-Емел» ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген жануарлар көбейіп келеді
13.08.2026, 16:57
Қостанайда 20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылады
13.08.2026, 16:56
Испанияда 37 000 гектар орман алқабы өртеніп кетті
13.08.2026, 16:56
Этна вулканының атқылауына байланысты Сицилия мен Мальтада әуе рейстері тоқтатылды
13.08.2026, 16:54