Оралда қорықшыға шабуыл жасалды
Оралда қорықшыға оқ атылды. Оқиға өткен түні Круглоозерное кентінің маңында болған.
Қорықшыларға тоғайда елік атқан браконьерлер жүргені туралы хабар түседі. 54 жастағы Геннадий Головатенко аңшылар ізіне бірінші болып түсіп, олардың көлігін қарамақ болған. Сол кезде екі ер адам бұған шабуыл жасап, оқ атқан. Ол көлігін тасалап, полицияға хабарлап үлгерген. Оқиға орнына жеткен полицейлер екі күдіктіні қолға түсірді.
Кейін сол маңнан тағы екі адам ұсталды. Олардың көлігінен қару мен пышақ, бөлшектелген елік еті табылды. Қазір қос оқиғаның бір-біріне қатыстығы анықталып жатыр.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО тұрғындары өзен жағасын қоқыстан тазартты
13.08.2026, 17:06
Қазақстан–Қытай мәдени байланысы беки түспек
13.08.2026, 17:05
ШҚО-да үш мыңға жуық волонтер жұмыс істейді
13.08.2026, 17:04
Елордадан Бурабайға есірткіге қарсы арнайы пойыз қатынай бастады
13.08.2026, 17:00
«Алтын-Емел» ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген жануарлар көбейіп келеді
13.08.2026, 16:57
Қостанайда 20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылады
13.08.2026, 16:56
Испанияда 37 000 гектар орман алқабы өртеніп кетті
13.08.2026, 16:56
Этна вулканының атқылауына байланысты Сицилия мен Мальтада әуе рейстері тоқтатылды
13.08.2026, 16:54