Өзбекстан Еуразиялық экономикалық одаққа бақылаушы ретінде қатыспақ
Өзбекстан Еуразиялық экономикалық одаққа қарай алғашқы қадам жасады. Ел парламентінің төменгі палатасы одаққа бақылаушы ретінде қатысу ұсынысын қолдады. Сарапшылар мұны ала шапандылар экономикалық кеңістіктің ұтымды тұстарын түсінді деп топшылап отыр. Мәселен, қазір ұйымға мүше 5 мемлекеттің арасында тауар айналымына кедергі жоқ. Кәсіпкерлер үшін сауда нарығы кеңейген. Еңбек миграциясы да жеңілдетілген режиммен жүріп жатыр. Егер Өзбек елі ұйымға толық мүшелікке өтсе ауыл шаруашылығы өнімдері, жеміс-жидектерін, мақта мен киім-кешегін шекара сыртына кедергісіз сатуға мүмкіндік алады. Бұл орайда біздің кәсіпкерлер бәсекеге қабілеттілігін бұрынғыдан да мығымдай түсетінін айтады сарапшылар.
Оңғар АЛПЫСБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өткен жылы сұлулық саласында 127,3 млрд теңгенің қызметі көрсетілді
12.08.2026, 17:57
Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
12.08.2026, 17:55
Бүгін – Халықаралық Каспий күні
12.08.2026, 17:37
Қармақшыда жастар марафоны ұйымдастырылды
12.08.2026, 17:36
Ел жаңалықтарына шолу
12.08.2026, 17:35
Жетісу облысындағы үздік жастарды марапаттады
12.08.2026, 17:33
19 мемлекеттің орталық банк өкілдері Астанаға жиналды
12.08.2026, 17:30
Ақтөбе облысында ауылға көшетіндер қарасы артты
12.08.2026, 17:27