Жетісу облысында үздік жастар марапатталды
Жетісу облысының үздік жастары марапатталды. Халықаралық жастар күніне орай өткен шарада «Көшбасшы – 2026» сыйлығының лауреаттарына құрмет көрсетілді. Биыл үздіктер 16 номинация бойынша анықталды.
«Көшбасшы – 2026» сыйлығының лауреаттарының бірі – 29 жастағы полиция
қызметкері Жақсылық Сәрсенов.
Оның маусым айында Алакөлге жұмыс сапары төрт адамның өмірін сақтап қалды.
Олардың арасында шетел азаматтары да бар. Сол күні ауа райы күрт бұзылып, қатты
толқын демалушыларды жағадан 500 метрге алып кеткен. Алайда бейбіт күннің
батыры еш тайсалмай, үш рет суға түсіп, төрт адамды жағаға шығарды.
Жақсылық Сәрсенов, «Көшбасшы – 2026» сыйлығының лауреаты:
Отыз жастағы шамасындағы әйел азаматы қалып қойғаны және қауіпсіздік жилеті жоқтығы, суда жүзу білмейтіндігі туралы ақпарат келгеннен кейін 3-рет еш ойланбастан тағы да суға кіріп, 2 адамға жеттік. Алматы қаласының тұрғындары екен. Оларға қауіпсіздік жилетін беріп, 30 минуттай судың бетінде ұстап тұрдық. 112 келген кезде жағаға алып шықтық.
«Көшбасшы» сыйлығы
– елі үшін еңбегі сіңген жастарға құрмет көрсететін дәстүрлі шара. Биыл
белсенді жастар 16 номинация бойынша марапатталды. Олардың қатарында үздік
спортшы, журналист, ерікті, жас отбасы және білім саласының өкілдері де бар.
Үздік атанған жастарға қаржылай сыйлық табысталып, эстрада жұлдыздарының
қатысуымен өткен гала-концерт ұйымдастырылды.
Арнай Байжұрынов, Жетісу жастары КММ директоры:
Жасанды интеллектімен жұмыс істейтін, жалпы, биылғы дижитал Қазақстан тұжырымдамасы, Жасанды интеллект жылы аясында осы номинацияны қосып отырмыз. Және де жастармен жұмыс істеп жүрген жастарға әдіскер нұсқаушысын қосып отырмыз.
Сондай-ақ шара аясында жастарға мемлекеттік бағдарламалар
бойынша кеңес беріліп, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Тұрғындардың айтуынша, мұндай жобалар жастарға жаңа мүмкіндік беріп, қоғамның
дамуына оң ықпал етеді.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанға Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы мемлекеттік сапармен келеді
11.10.2026, 19:39
Аваза саммиті: Қазақстан қандай бастамалар көтерді?
11.10.2026, 18:30
Контенттен кәсіпке дейін: Әлеуметтік желіні қалай тиімді пайдалануға болады?
11.10.2026, 18:05
Зейнетақыны есептеу: Зейнетке шығарда нені ескеру керек?
11.10.2026, 17:58
Ұ. Мырзуанның өліміне қатысты сот ісі прокуратураға қайтарылды:Тағы кімдер жауапқа тартылады?
11.10.2026, 17:45
Жасанды интеллект егістікке жетті: Қазақстандық шаруалар жаңа технологияны қалай игеріп жатыр?
11.10.2026, 17:21
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15