Басты Жаңалықтар Ел жаңалықтарына шолу

Ел жаңалықтарына шолу

Бүгін – халықаралық жастар күні

Елімізде 14–35 жас аралығындағы 6 млн-ға жуық жас бар. Бұл буынға мемлекет үнемі қолдау көрсетеді. 2021 жылдан бері 145 мыңнан астам жас азамат баспанамен қамтылған.  Ал соңғы 5 жылда кәсіпкерлікпен айналысамын деген жастарға 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлінген.
Қазақстан мен О. Корея қос дипломды білім беру бағдарламасын іске қоспақ
Қазақстан мен Корея қос дипломды білім беру бағдарламасын іске қоспақ. Студенттер алғашқы және соңғы курстарын Қазақстанда, екі жылын Кореяда оқып, екі университеттің дипломын алады. Бағдарламаны Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті мен Seoul Cyber University бакалавриаттың «Ақпараттық қауіпсіздік және жасанды интеллект» бағыты бойынша бірлесіп жүзеге асырады.

Қазақстандық студенттер Жапонияда тегін білім ала алады

Қазақстандық студенттер Жапонияда тегін білім ала алады. Магистратура немесе докторантурада оқимын деген студенттерге оқу ақысы, әуе билеттерін толық өтеу, ай сайын 150 мың жапон иенасы көлемінде шәкіртақы  қарастырады. 2027 жылы жүзеге асатын бағдарлама жайлы толық ақпарат Ғылым және жоғары білім министрілігінің сайтында бар.  

Қазақстандықтар сұлулық салондарына 127 млрд теңге жұмсаған

Былтыр Қазақстандықтар сұлулық салондарына 127 млрд теңге жұмсаған. Ең көп сұраныс шаштараз қызметтеріне. түскен. Оған тұрғындар 68 млрд теңгеге жуық ақшасын шығындаған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда  5,3%-ға көп.  Маникюр мен педикюрді қоса алғандағы косметикалық қызметтерге 7,5 млрд теңге, ал сұлулық салондарының өзге қызметтеріне 53 млрд теңгеге жуық қаражатын берген. 

Астанада 1700 адам жүгіріп жарысатын болды

Астанада 15 тамыз – Спорт күніне орай  жаппай жүгіру жарысы өтеді. Шара Триатлон саябағында болады. Қатысушылар 6,2 шақырым қашықтықты бағындырады. Қатысу тегін. Онлайн тіркеу 12 тамызда  reg.elordasport.kz сайтында ашылады.


Бөлісу