Мемлекет басшысы энергетика саласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевты қабылдады. Ведомства басшысы Президентке мұнай өндірісін дамыту жайлы айтып, министрліктің 7 айдағы жұмысын қорытындылап есеп берді.
Ноғаевтың айтуынша, 2022 жылдың соңына дейін мұнай өндірісін 12 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік бар. Әрі министр 1 қыркүйектен бастап саланы цифрландыру бағдарламасы аясында қазба байлықтарды пайдалану құқығы бойынша аукциондарды электронды форматта өткізу жоспарланып отырғанына тоқталды. Бұл конкурстық үдерістердің ашық жүруін қамтамасыз етіп, кәсіпкерлердің шығындарын азайтады.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы энергетика саласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада фиджитал-футбол жарысы өтіп жатыр
04.08.2026, 13:22
Алматыда қалдықтарды сұрыптауға арналған цифрлық платформа іске қосылды
04.08.2026, 13:20
Оралда жазасын өтеушіден пара алған лауазым иесі сотталды
04.08.2026, 13:17
Семейде құрылыс кезінде адам сүйектері табылды
04.08.2026, 13:15
Ресей Мароккодан 30 мың тонна бензин алған
04.08.2026, 13:12
Оңтүстік Кореяда ыстықтан 16 адам қайтыс болды
04.08.2026, 13:10
Еліміздің басым бөлігінде күн бұзылады
04.08.2026, 13:07
ОСК төрағасы байқаушылармен кездесті
04.08.2026, 13:05