Президент астық жинау науқанын аяқтаған ауыл еңбеккерлерін құттықтады
Мемлекет басшысы астық жинау науқанының табысты аяқталуына байланысты ауыл еңбеккерлерін құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Биылғы егін егу науқаны коронавирус пандемиясынан жарияланған төтенше жағдайға байланысты қиын жағдайда жүргізілді. Негізгі астық өсіретін облыстарда жаз маусымы жауын-шашынсыз, құрғақ болды. Күрделі жағдайда жұмыс істеуге тура келді. Соған қарамастан, еліміздің егіншілері ұйымшылдық танытып, ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді уақытылы аяқтады. Бүгінде ел өңірлерінде 20 миллион тонна көлемінде астық жиналды. Бұл еліміздің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етеді, сондай-ақ, экспорттық әлеуетімізді арттырып, Қазақстанның астық державасы мәртебесін сақтап қалуына мүмкіндік береді»,-делінген құттықтауда.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада фиджитал-футбол жарысы өтіп жатыр
04.08.2026, 13:22
Алматыда қалдықтарды сұрыптауға арналған цифрлық платформа іске қосылды
04.08.2026, 13:20
Оралда жазасын өтеушіден пара алған лауазым иесі сотталды
04.08.2026, 13:17
Семейде ескі стадионнан адам мүрдесі шықты
04.08.2026, 13:15
Ресей Мароккодан 30 мың тонна бензин алған
04.08.2026, 13:12
Оңтүстік Кореяда ыстықтан 16 адам қайтыс болды
04.08.2026, 13:10
Еліміздің басым бөлігінде күн бұзылады
04.08.2026, 13:07
ОСК төрағасы байқаушылармен кездесті
04.08.2026, 13:05