Қазақстан тоғыз айда 64 млн тонна мұнай өндірді
Жыл басынан бері, дәлірек айтсақ, қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан 64,7 млн тонна мұнай қазған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлім етті. Және министр ірі кен орындарының көрсеткіштерін жеке-жеке атап өтті.
«Биыл қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша, мұнай және конденсант көлемі 64,7 млн тоннаны құрады. Тоғыз айдың жоспары 100,5% орындалды.
Ірі жобалар бойынша көрсеткіштер мынандай: Теңіз кен орнында 20,2 млн тонна мұнай өндірілді. Жоспардың орындалуы 100,5% құрайды. Қашағаннан 11,5 млн тонна мұнай алынды. Қаңтар-қыркүйек айларының жоспары 100% орындалды. Қарашығанақтағы көрсеткіш 9 млн тоннаны құрап отыр», - деді бүгін үкімет отырысында Ноғаев.
Министрдің айтуынша, тоғыз ай ішінде 52,2 млн тонна мұнай экспортталған. «Есепті кезең ішінде 41,6 млрд текше метр газ өндірілді. Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 11,1 млрд текше метрге жетті. Бұл биылғы жолдың жоспарына 100% сәйкес келеді. 10,3 млрд текше метр газ экспортталды», - деді Ноғаев.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін– толық Күн тұтылуы болады
12.08.2026, 11:02
XX жазғы Азия ойындарының медальдары таныстырылды
12.08.2026, 10:08
Қоқыс тастағандар жауапқа тартылады
12.08.2026, 10:06
Қазақстанда 6 миллионға жуық жас азамат тұрады
12.08.2026, 10:04
Бүгін – Халықаралық жастар күні
12.08.2026, 10:03
Абай туралы жаңа туынды АҚШ кітапханасына табыс етілді
12.08.2026, 10:01
Трамп Анкарадан қайтарда ұшағын жасырын ауыстырғанын мойындады
12.08.2026, 09:59
Колумбияда зілзаладан қаза тапқандар саны 254-ке жетті
12.08.2026, 09:53