Басты Жаңалықтар Қазақстанда 6 миллионға жуық жас азамат тұрады

Қазақстанда 6 миллионға жуық жас азамат тұрады

Мемлекет жастар саясатын дамытуға ерекше көңіл бөліп, олардың білім алып, жұмысқа орналасуымен қатар, баспаналы болуы, кәсіп бастауына, мәдени және қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік жасауды көздеп отыр. Қазір 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына жатады. 2023-2029 жылдарға арналған жастар саясаты тұжырымдамасы аясында 80-нен астам жоба мен іс-шара жүзеге асырылуда. Қазір елімізде 400-ден астам жастар ұйымы және 235 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Бұл ұйымдар жастардың бастамаларын қолдауға, олардың қабілеті мен әлеуетін ашуға, қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беріп отыр. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген сауалнамаға сәйкес, жастардың 82,7 пайызы елдің болашағына оң көзқараспен қарайды. Ал «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы 7 мыңға жуық шараға 1 миллионнан астам жас қатысқан.  Халықаралық жастар күніне орай Мәдениет және ақпарат вице-министрі жастар саясатының маңызына тоқталды.

Евгений Кочетов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі:

Қазақстан үшін бұл күн жәй ғана мерекелік дата емес, бұл бүгінгі Қазақстандық жастардың тыныш тіршілігі, мемлекет тарапынан жастарға жасалып отырған мүмкіндіктер және ең бастысы жастар саясатының бағыттары туралы ой бөлісуге жақсы мүмкіндік.


Бөлісу