Дүниежүзілік экономикалық форум онлайн өтіп жатыр
Швейцарияның Давос қаласында жыл сайынғы Дүниежүзілік экономикалық форум өтіп жатыр. Пандемияға байланысты ауқымды шара онлайн форматта ұйымдастырылған. Биыл оның негізгі тақырыбы жаһандағы коронавирусқа байланысты жағдай болмақ.
Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:
2 миллионнан астам адам коронавирус құрбаны болды. Біз соңғы жүз жылдан бері болмаған ең ауыр экономикалық дағдарысты көріп отырмыз. 2021 жылы тұрақты дамуға бағыт алып, бәрін түзетуге мүмкіндігіміз бар. Алайда бұл үшін мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, жеке сектор мен азаматтық қауымдастықтар бірлесе жұмыс істеуі тиіс.
Апта соңына дейін өтетін жиында, пандемиядан бөлек, жекелеген салалар, жаңа технологиялар, жаһандық ынтымақтастық және климаттың өзгеруі секілді өзекті мәселелер талқыланады. Форумға 70 мемлекеттен 1,5 мыңдай адам қатыспақ. Олардың ішінде мемлекет басшылары, халықаралық ұйым басшылары, бизнес өкілдері бар.
Жансая Қапасқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13