Қарағандыда қарақшылар кассирге бензин шашып, ақшасын тонап кетті
Қарағандыда шағын несие ұйымдарының біріне қарақшылық шабуыл жасалды. Ер адам кассирге бензин шашып, өртеп жіберемін деп қорқытқан. Зәресі ұшып кеткен 28 жастағы әйел 120 мың теңгені қолына ұстата салған. Барлық жайт іштегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оқиға кеше сағат 16:00-де қаладағы шағын несие ұйымдарының бірінде болған. Медициналық бетперде киген екі белгісіз ер адам кассирді қорқытып, ақша алып кеткен. Күдіктілер іздестірілуде.
Бақытжан Құдияров, облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі:Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 192-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктілерді анықтау және ұстау үшін полиция кешенді іс-шаралар атқаруда.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өткен жылы сұлулық саласында 127,3 млрд теңгенің қызметі көрсетілді
12.08.2026, 17:57
Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
12.08.2026, 17:55
Бүгін – Халықаралық Каспий күні
12.08.2026, 17:37
Қармақшыда жастар марафоны ұйымдастырылды
12.08.2026, 17:36
Ел жаңалықтарына шолу
12.08.2026, 17:35
Жетісу облысында үздік жастар марапатталды
12.08.2026, 17:33
19 мемлекеттің орталық банк өкілдері Астанаға жиналды
12.08.2026, 17:30
Ақтөбе облысында ауылға көшетіндер қарасы артты
12.08.2026, 17:27