Джо Байден мен Си Цзиньпин телефон арқылы сөйлесті
АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай басшысы Си Цзниьпин алғаш рет телефон арқылы сөйлесті. Келіссөз барысында Байден Бейжіңнің Гонконгтағы қуғын-сүргін, Шыңжаңдағы адам құқықтарының бұзылуы мен Тайваньдағы басқыншылық саясатына қатысты алаңдаушылық білдірді. Ол екі ел арасындағы бәсекелестік қақтығысқа ұласпауы тиіс екенін айтып, жаңа сауда соғысына жол бермейтінін жеткізді. Өз кезегінде Си Цзиньпин Қытай мен АҚШ-тың текетіресі бүкіл әлемге қауіп төндіреді деп, ынтымақтастық орнатуға шақырды. Бұдан бөлек мемлекет басшылары пандемиямен күрес, климаттың өзгеруі және қару-жарақ таратпау мәселелерін талқылады.
Жансая Қапасқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13