Ұлыбританияда коронавирусқа қарсы вакцина жыл сайын салынуы мүмкін
Ұлыбританияда екпе алғандар саны 13 миллионнан асты. Бұл күніне 400 мыңнан астам адам вакцина алып жатыр деген сөз. Билік коронавирусқа қарсы вакцинаны жыл сайын үзбей салуды да көздеп отыр. Лондондағы тілшіміз Марина Бекенова соңғы жаңалықтармен бөліспек.
Марина Бекенова, тілші:Ұлыбританияда вакцина салдырып жатқандар өте көп. Жергілікті үкімет ақпанның ортасына дейін екпенің алғашқы дозасын алғандардың санын 15 миллионға жеткізуді межелеп отыр. Вакцина алдымен 70 жастан асқан кісілерге, медицина қызметкерлеріне және асқынған ауруы бар науқастарға салынуда. Мұнда британиялық және америкалық 3 екпе: AstraZeneca, Pfizer/BioNTech және Moderna ресми мақұлданған.
Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі:Вирустың жаңа түрлері пайда болған сайын оған қарсы тұра алатын вакциналардың жасалғаны жақсы. Меніңше, күзде екпеге қосымша тағы бір укол салынады оған дайын болуымыз керек. Жалпы коронавирусқа қарсы вакциналау тұмауға қарсы екпе сияқты жыл сайын жүргізілуі мүмкін.
Маған британиялық Ұлттық денсаулық сақтау қызметінен СМС хабарлама келді. Онда кезегіңіз жеткенде жергілікті емханадан шақырту аласыз делінген. Жалпы, күзге дейін ересектер түгел вакцинаның алғашқы дозасын қабылдап үлгеруі тиіс. Жергілікті үкімет препараттардың қауіпсіз әрі тиімді екендігіне кепіл беріп отыр.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13