Жамбыл облысында пәтерден өрт шығып, бір үйдің 5 баласы көз жұмды
Жамбыл облысының Жаңатас қаласында 5 қабатты үйдің 3 қабатындағы пәтерден өрт шығып, бір үйдің бес баласы көз жұмды. Жантүршігерлік оқиға туралы өңірдегі тілшіміз Сәбит Әлдебай телефон арқылы баяндайды.
Сәбит Әлдебай, тілші:
Бүгін түс ауа Жаңатас қаласының 2 ықшамауданындағы 5 қабатты үйдің 3-ші қабатындағы пәтерде от тұтанған. Аумағы 16 шаршы метр пәтерде үлкені небәрі 5 жаста, кішісі 1 жаста, барлығы 5 бала болған. Алдын ала мәлімет бойынша, бүлдіршіндердің әкесі жұмыста, ал шешесі дүкенге шығып кеткен. Өкінішке орай,өрттен шыққан түтінге тұншығып қалған балалар дереу ауруханаға жеткізілгенімен, көп кешікпей көз жұмған.
Өрт себебін анықтау үшін облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына құзырлы мемлекеттік орган өкілдері кірді. Өрттен қайғы жұтып, қара жамылған отбасыға жан-жақты көмек көрсетілмек. Сондай-ақ отбасына психолог мамандар көмек беріп, жергілікті әкімдік жерлеу рәсіміне жәрдемдеседі.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
12.08.2026, 17:55
Бүгін – халықаралық Каспий күні
12.08.2026, 17:37
Қармақшыда жастар марафоны ұйымдастырылды
12.08.2026, 17:36
Ел жаңалықтарына шолу
12.08.2026, 17:35
Жетісу облысындағы үздік жастарды марапаттады
12.08.2026, 17:33
19 мемлекеттің орталық банк өкілдері Астанаға жиналды
12.08.2026, 17:30
Ақтөбе облысында ауылға көшетіндер қарасы артты
12.08.2026, 17:27
«Дипломмен ауылға»: Маңғыстау облысында нәтиже беруде
12.08.2026, 17:25