Алматы облысында медицина мамандары мінген ұшақ шұғыл қонды
Алматы облысында медицина мамандары мінген АН-2 ұшағы әуеге көтерілмей жатып, қайта қонуға мәжбүр болды. Боралдай кентінен ұшып шыққан сан авиация Кегенге бет алған. Алайда қозғалтқышынан ақау шығып, ұшу-қону жолағынан 1,5 шақырым жерге қонды. Ішінде 2 экипаж мүшесі мен 3 медицина қызметкері отырған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Ұшақ «Азия Континенталь» компаниясына тиесілі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басқармасы тергеу жүргізе бастады.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін әлем халқы Күн тұтылғанын көреді
12.08.2026, 17:15
Индонезияның Бали аралында паром өртенді
12.08.2026, 17:13
Таиланд үкіметі қаруға рұқсат беруді тоқтатпақ
12.08.2026, 17:10
Оңтүстікте жүк көліктерін бақылау күшейді
12.08.2026, 17:07
2 млн 300 мыңнан аса адам онкологиялық скринингтен өткен
12.08.2026, 17:05
Деректердің даркнетке тарағаны жөніндегі ақпарат тексерілуде
12.08.2026, 17:03
Президент бір топ қоғам қайраткерін марапаттады
12.08.2026, 17:00
Гавайи аралдарының спорты Қостанайда дамып келеді
12.08.2026, 13:25