Алматыдағы тергеу изоляторынан қашқан сотталушы ұсталды
Алматыда 15 ақпанда тергеу изоляторынан қашып кеткен сотталушы ұсталды. Бұл туралы Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті мен Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкерлері Алматы қаласының ЛА-155/15 мекемесінен қашып кеткен сотталушы Дамир Давутовты ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын сәтті аяқтады. Азамат 28 ақпанда Ақтөбеде ұсталды», – делінген хабарламада.
Аталған оқиға бойынша, Алматы қалалық Полиция департаменті тарапынан ҚР Қылмыстық Кодексінің 426 бабы (Бас бостандығынан айыру орнынан қашу) негізінде сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Сонымен қатар ҚАЖ комитеті тарапынан жүргізілген қызметтік тексеру нәтижесі бойынша, бірқатар кемшілік жіберген қызметкерлер әкімшілік жауапқа тартылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БАӘ-де екі дауыс беру учаскесі ашылады
12.08.2026, 17:17
Бүгін әлем халқы Күн тұтылғанын көреді
12.08.2026, 17:15
Индонезияның Бали аралында паром өртенді
12.08.2026, 17:13
Таиланд үкіметі қаруға рұқсат беруді тоқтатпақ
12.08.2026, 17:10
Оңтүстікте жүк көліктерін бақылау күшейді
12.08.2026, 17:07
2 млн 300 мыңнан аса адам онкологиялық скринингтен өткен
12.08.2026, 17:05
Деректердің даркнетке тарағаны жөніндегі ақпарат тексерілуде
12.08.2026, 17:03
Президент бір топ қоғам қайраткерін марапаттады
12.08.2026, 17:00