Алматыда полиция қызметкері 9 қабатты үйдің төбесінен құлап кетті
Алматыда полиция қызметкері құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйдің төбесінен құлап кетті. Куәгерлердің айтуынша, тәртіп сақшысы шақырту бойынша келіп, қараусыз қалған нысанда ойнап жүрген жасөспірімдерді қауіпсіз аймаққа шығармақшы болған. Алайда, оқыс жағдай болып, төменгі қабатқа құлап кеткен.
Ауыр жарақат алған полицей қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізіліп, оған операция жасалған. Науқастың жағдайы әлі де ауыр, дейді дәрігерлер. Балалар зардап шекпеген. Олардың ата-анасына міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін хаттама толтырылған. Ал жергілікті тұрғындар қараусыз қалған дәл осы нысанда оқыс жағдай бірнеше рет болғанын айтып, әкімдіктен жедел шара қолдануды сұрады.
Айдана Сүйіншәлиева, қала тұрғыны:Балалардың бәрі жүреді. Терезеден айқайлаймыз. Адамның жаны түршігетін нәрсе. Бұны бұлай қалдыру мүмкін емес.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БАӘ-де екі дауыс беру учаскесі ашылады
12.08.2026, 17:17
Бүгін әлем халқы Күн тұтылғанын көреді
12.08.2026, 17:15
Индонезияның Бали аралында паром өртенді
12.08.2026, 17:13
Таиланд үкіметі қаруға рұқсат беруді тоқтатпақ
12.08.2026, 17:10
Оңтүстікте жүк көліктерін бақылау күшейді
12.08.2026, 17:07
2 млн 300 мыңнан аса адам онкологиялық скринингтен өткен
12.08.2026, 17:05
Деректердің даркнетке тарағаны жөніндегі ақпарат тексерілуде
12.08.2026, 17:03
Президент бір топ қоғам қайраткерін марапаттады
12.08.2026, 17:00