Forbes-тің ең бай адамдар рейтингіне тағы 3 Қазақстан азаматы енді
Forbes журналы әлемдегі бай адамдардың тізімін жаңартты. Оған тағы үш қазақстандық еніп отыр. Олар Kaspi.kz -тің негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе. Екеуінің де байлығы 3 миллиард доллардан жоғары бағаланып отыр. Бірі 925, екіншісі 956-орында. Ал жаңадан енген үшінші миллиардер Freedom Holding компаниясының қожайыны Тимур Турлов. Дәулеті 2 миллиард 200 миллион доллар.
Бұған дейін Владимир Ким, Болат Өтемұратов секілді төрт отандасымыз әлемдік байлардың тізіміне енген еді. Осылайша Forbes-тағы қазақ олигархтарының саны жетіге жетті.
Ал әлемдегі ең бай адам Аmazon-ның негізін қалаушы Джефф Безос, одан кейін Илон Маск пен Louis Vuitton-ның президенті Бернар Арно орналасқан.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06