Басты Жаңалықтар Абайдан қалған қазына

Абайдан қалған қазына

Абай күнін шығыстағы ел-жұрт та жоғары деңгейде атап өтті. Халық облыс орталығындағы темірқазық болған тұлғаның  ескерткіші алдында ұйымдастырылған рухни кешке жиналды. Әндері орындалып, өлеңдері оқылды.

Абайдан қалған қазына әр қазаққа рухни азық. Жол көрсетер темірқазық. Сондықтан жыл он екі ай насихатталуы тиіс. Ал биылғы Абай күніне облыстағы шығармашылық  ұжымдар ақынның «толық адам» қағидасын негізге ала отырып әдеби-мәдни кеш ұйымдастырды.

Сләмбек Оразалин, филология ғылымдарының кандидаты:

Абай қазақсыз, қазақ Абайсыз болмайды. Біздің тағдырымыз осы Абайдың үніне, Абайдың идеясына  «толық адам»  идеясына байланған.

Абайдың мұрасын зерттеп-зерделеу бойынша өңірде бірқатар ілкімді істер тындырылды. «Абай әлемі» сериясымен осы аймақтан шыққан қаламгерлердің шығармасы жарық көрді. Көптомдық жинақтар тікелей облыс әкімінің қолдауымен шықты.

Нұрымбет Сақтағанов, ШҚО әкімі:

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Абайды дәріптеу арқылы ұлттық сананы нығайтып, ел бірлігі қоғамның рухани кемелдігін арттыруға ерекше көңіл бөлуде. Туған елін Абайша сүйіп, Абайша күйсе, пайданың емес, Ардың жүгін көтерсе, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрекке бой алдырса, бағындырар шыңы биік болады.

Ұлы ақынды ұлықтауға жиналған өскемендіктер ән мен жыр тыңдады. Соңынан Абайдың ескерткішіне гүл қойып, тағызым етіп тарқасты.


Бөлісу