СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
Солтүстік Қазақстан облысында жалпы құны 1 триллион 300 миллиард теңге 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды. Бұл - Петропавлда өткен халықаралық «QYZYLJAR INVESTMENT FORUM 2026» форумының басты нәтижесі. Жиынға отандық және шетелдік инвесторлар, мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының өкілдері қатысты.
Мына қуатты техниканың барлығы Солтүстік Қазастанда жасалған. Форумға келген Қытай, Түркия, Италия, Ресей және басқа да елдердің ірі компанияларының өкілдері өңірдің өндірістік әлеуетімен танысты.
Ахмет Гувенч, YDA Group директорлар кеңесінің мүшесі:
YDA әлемдегі 250 ірі компанияның қатарына кіреді. АҚШ-та құны 16,5 миллиард долларлық жобаларды аяқтадық. 3 құрлықтаға 14 елде құрылыс, әуежай, медицина және технология саласында жұмыс істейміз. Солтүстік Қазақстан инвестиция үшін оңтайлы. Петропавлда 600 орындық аурухана, қонақ үй, бизнес орталық, тұрғын үй кешендерін салып жатырмыз.
Солтүстік Қазақстанға инвестиция салуға қызығушылық танытқан компаниялар саны артып келеді. Бұған өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуеті, өндірістік қуаты және экспорттық мүмкіндіктері негіз болып отыр.
Алессандро Риччи, «Prosol Biotech Kazakhstan» ЖШС жоба директоры:
Біз жемдік ашытқы өндіретін зауыт салып жатырмыз. Кәсіпорын жылына 3 мың тоннаға дейін өнім шығара алады. Инвестиция көлемі - 1,5 миллиард теңге. 40 жұмыс орны ашылады. Біз үшін бұл жобаны дәл осында жүзеге асырып, заманауи еуропалық технологиялар мен жоғары сапа стандарттарын енгізу маңызды.
Форумға 500-ге жуық адам қатысты. Жиын нәтижесінде май экстракциялық зауыт, агрохимиялық кешен, ет өңдеу кешені, тау-кен байыту комбинаты сынды ірі кәсіпорындар іске қосылмақ.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инвестиция - экономикалық өсудің негізгі факторы екенін атап өткен болатын. Қол қойылған 25 меморандум Солтүстік Қазақстанның дамуына тың серпін бермек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы