Ақмола облысында сабақ кезінде студент мерт болды
Ақмола облысының Есіл қаласындағы №7 агротехникалық колледжде студент көз жұмды. Өндірістік тәжірибе кезінде оның үстіне бетон құлаған. Оқиға орнында 6 студент болған. Олар көкөніс қоймасы есігінің үстіндегі күнқағарға шыққан. Ескі ғимараттың бетон жабындысы опырылып құлай бастағанда бес студент секіріп түсіп үлгерген. Ал біреуі астында қалып қойған. Оны жедел жәрдем ауруханаға жеткізгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Қайтыс болған 1-курс студенті - Есіл қаласының 17 жасар тұрғыны. Қазір оқиға бойынша тексеріс жүріп жатыр.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Күн толық тұтылады
12.08.2026, 11:02
XX жазғы Азия ойындарының медальдары таныстырылды
12.08.2026, 10:08
Қоқыс тастағандар жауапқа тартылады
12.08.2026, 10:06
Қазақстанда 6 миллионға жуық жас азамат тұрады
12.08.2026, 10:04
Бүгін – Халықаралық жастар күні
12.08.2026, 10:03
Абай туралы жаңа туынды АҚШ кітапханасына табыс етілді
12.08.2026, 10:01
Трамп Анкарадан қайтарда ұшағын жасырын ауыстырғанын мойындады
12.08.2026, 09:59
Колумбияда зілзаладан қаза тапқандар саны 254-ке жетті
12.08.2026, 09:53