Жамбыл облысында үш жасөспірімге оқ атылды
Жамбыл облысында үш жасөспірімге оқ атылды. Қазір олар облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілген. Жасөспірімдердің қазіргі жағдайын жамбылдан бізге тікелей қосылған әріптесім Сәбит Әлдебайдан сұрап білейік, Сәбит қайырлы күн. Оқиға қалай болған?
Сәбит Әлдебай, тілші:
Алдын ала мәлімет бойынша жасөспірімдер сөзге келіспей бір-бірін кездесуге шақырған. Шөлдала масивіндегі каналдың маңында тұрған балаларға үш автокөлік жақындап, белгісіз қарумен оқ жаудыра бастаған. Көптеген дене жарақатын алған балалар жедел ауруханаға жеткізілді. Ал Дәрігерлердің айтуынша қазір үш баланың да жағдайы тұрақты, олардың өмірі мен денсаулығына аса қауіп жоқ. Қазір оларға қажетті барлық ем шаралары жүріп жатыр.
Полиция департаменті мамандарының хабарлауынша, қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, полиция қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, қамауға алған. Мамандар тергеу құпиясына сәйкес басқа да ақпараттар жариялауға жатпайды деп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Күн толық тұтылады
12.08.2026, 11:02
XX жазғы Азия ойындарының медальдары таныстырылды
12.08.2026, 10:08
Қоқыс тастағандар жауапқа тартылады
12.08.2026, 10:06
Қазақстанда 6 миллионға жуық жас азамат тұрады
12.08.2026, 10:04
Бүгін – Халықаралық жастар күні
12.08.2026, 10:03
Абай туралы жаңа туынды АҚШ кітапханасына табыс етілді
12.08.2026, 10:01
Трамп Анкарадан қайтарда ұшағын жасырын ауыстырғанын мойындады
12.08.2026, 09:59
Колумбияда зілзаладан қаза тапқандар саны 254-ке жетті
12.08.2026, 09:53