Риддерге гуманитарлық көмек жетті
Өрттен зардап шеккен Риддер тұрғындарына Шығыстың бүкіл халқы көмектесіп жатыр. Арнайы ашылған есепшотқа бюджеттік мекемелер мен жеке компаниялардың қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын аудара бастады. Алғашқылардың бірі болып Риддерге гуманитарлық көмекті Өскемендегі техникалық университет жеткізді. Өрттен баспанасыз қалған тұрғындар қазір Риддердегі қонақ үйлер мен жатақханаға және қаладағы сауықтыру орталығына орналасқан. Олар үй салынып біткенше осында тұрады. Тамақпен де тегін қамтамасыз етіледі.
Василий Хван, волонтер:
Өрттен зардап шеккендерге гигиеналық заттар, азық-түлік, киім-кешек жинадық. Кейбір адамдар тіпті кішкентай тұрмыстық техниканы да әкелді. Балалардың ойыншығы мен киімін беріп жатқандар көп. Бір сөзбен айтқанда, өрт кезінде жанып кеткен заттың бәрін әкелуге тырысып жатыр.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін– толық Күн тұтылуы болады
12.08.2026, 11:02
XX жазғы Азия ойындарының медальдары таныстырылды
12.08.2026, 10:08
Қоқыс тастағандар жауапқа тартылады
12.08.2026, 10:06
Қазақстанда 6 миллионға жуық жас азамат тұрады
12.08.2026, 10:04
Бүгін – Халықаралық жастар күні
12.08.2026, 10:03
Абай туралы жаңа туынды АҚШ кітапханасына табыс етілді
12.08.2026, 10:01
Трамп Анкарадан қайтарда ұшағын жасырын ауыстырғанын мойындады
12.08.2026, 09:59
Колумбияда зілзаладан қаза тапқандар саны 254-ке жетті
12.08.2026, 09:53