Еуроодақ елдері Беларусьпен әуе қатынастарын тоқтатты
Еуроодақ Беларусь әуе кеңістігін қолданудан бас тартып, оның ұшақтарына Одақ аумағына қонуға тыйым салды. Енді еуропалық компаниялардың әуе кемелері Беларусь аспанын айналып өтуі тиіс. Бұл Ryanair лайнерінің Минскіге мәжбүрлі қондырылуына жауап. Қауымдастық аталған оқиғаны «халықаралық қауіпсіздікке төнген қатер» деп отыр. Мұндай санкцияларды АҚШ-та дайындап жатыр. Беларусьпен әуе қатынасын Қарт құрлықтағы 28 мемлекетпен қатар, Украина да тоқтатты.
Айта кетсек, Еуропалық Одақ былтыр билікке қарсы шерулерді басып-жаншығаны үшін Александр Лукашенко мен тағы 88 Беларусь азаматына ұйымға мүше елдерге кіруге тыйым салып, олардың активтерін бұғаттаған.
Жансая Қапасқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13
Үгіт-насихат науқанының аяқталуына 1 апта қалды
14.08.2026, 20:12