Ауғанстанда тәліптер 50-ден астам ауданды басып алды
Ауғанстанда тәліптердің шабуылдары үдеп, қақтығыстар Кабулға да жақындап қалды. Осы аптада олар 50-ден астам ауданды басып алды. Елден АҚШ әскері кетіп жатқандықтан, жағдай күн сайын ушығып барады. Соңғы мәлімттер бойынша, Өзбекстанмен шекарадағы Балх провинциясының Қалдар уезі де радикалды ұйым қолына өткен. Бұған дейін «Талибан» Тәжікстанмен шекарадағы «Шерхан-Бандар» бекетін өз бақылауына алған еді. Жалпы, тәліптер ел аумағының 80 пайызына үстемдік етіп отырғанын мәлімдеді. Алайда бұл ақпаратты ауған үкіметі растамаса да, жауласушы тараптар арасында келіссөздер жүріп жатқанын мәлімдеп отыр.
Абдулла Абдулла, Ұлттық бітімгерлік жөніндегі жоғарғы кеңес төрағасы:Ауғанстанның тұтастығына, халқына, елдегі тұрақтылыққа қауіп төніп тұр. Соғысты тек бейбіт жолмен шешуге болады. Екі тараппен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Алайда әзірге нәтиже жоқ.
Жансая Қапасқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13
Үгіт-насихат науқанының аяқталуына 1 апта қалды
14.08.2026, 20:12