Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаев Бішкекке жеткізілді
Қырғыз Республикасының бірінші президенті Асқар Ақаев Бішкекке жеткізілді. Ол 2005 жылы «Қызғалдақ» төңкерісі кезінде елден бас сауғалаған. Бүгін Ақаев Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғимаратына жеткізілді. Мемлекеттің бұрынғы басшысы 1992 жылы «Құмтөр» алтын кенішін игеру жобасы бойынша қызметін асыра пайдаланған. Сол үшін қазіргі билік экс-президентті жауапқа тартпақ. Бұған қоса, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Ақаев 2003 жылы «Камеко» компаниясымен арадағы келісімді қайта құрылымдау кезінде коррупцияға барып, елдің бірлескен кәсіпо орындағы үлесін 26 пайызға жуық төмендеткен.
Айта кетсек, бұған дейін қырғыздың бұрынғы лидері Мәскеуде ғылыми қызметпен айналысып келген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13
Үгіт-насихат науқанының аяқталуына 1 апта қалды
14.08.2026, 20:12