Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды. Ол ертең Аваза курорттық аймағында өтетін Орта Азия елдері басшыларының консультативтік кездесуіне қатысады. Бұл жиын үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Бестіктің алғашқы отырысы 2018 жылы Нұр-Сұлтанда өткен. Ал былтыр Бішкек қаласында өтеді деп жоспарланған жиын пандемия салдарынан кейінге қалдырылды. Мемлекет басшылары өңірдегі өзекті мәселелерді талқылайды. Сондай-ақ екіжақты кездесулер жоспарланып отыр. Саммитке қатысушылар ұлттық тауарлар көрмесін және Орта Азия өнер шеберлерінің концертін тамашалайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
23 мыңнан астам су нысаны туралы ақпарат цифрландырылды
03.08.2026, 13:09
Шымкентте талапқа сай келмеген 9 балабақша жұмысын тоқтатты
03.08.2026, 13:08
ШҚО-да екі теміржол вокзалы жаңартылды
03.08.2026, 13:07
Пәкістанда жарылыстан 14 адам қаза тапты
03.08.2026, 13:06
50 елдің азаматтары виза алу үшін кепіл ақша төлеуге міндетті
03.08.2026, 13:05
Жалған медициналық қызмет: Келтірілген шығын 3,5 млрд теңге
03.08.2026, 13:05
Жамбыл облысында 84 мыңнан астам тұрғынды газбен қамтитын жаңа станса салынып жатыр
03.08.2026, 13:04
Стратегиялық маңызы бар үш автожол құрылысы басталды
03.08.2026, 13:03