Жамбыл облысында 84 мыңнан астам тұрғынды газбен қамтитын жаңа станса салынып жатыр
Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен «Шу» автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы аяқталуға жақын. Үкімет жобаға Арнаулы мемлекеттік қордан 2,9 млрд теңге бөлді. Жаңа стансаның іске қосылуы жылыту маусымында газ тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Қазір Шу ауданы табиғи газды Шу қаласынан 100 шақырымнан астам қашықтықтағы «Қордай» автоматтандырылған газ тарату стансасы арқылы алады. Алайда оның қуаты тұтыну көлемінің артуына жеткіліксіз. Жоба жүзеге асқаннан кейін Шу және Мойынқұм аудандарындағы 84 мыңнан астам тұрғын тұрақты табиғи газмен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар тұрғын үй секторына, орталық қазандыққа және кәсіпкерлік нысандарына газ үздіксіз жеткізіліп, жаңа абоненттерге техникалық шарт беру қайта басталады. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында 29 қондырғы мен жабдықтар жиынтығы орнатылып, блокаралық коммуникацияларды қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы