Өзбекстанда COVID-ке қарсы вакциналаудан кейін өлім тіркелген жоқ
Өзбекстанда коронавирусқа қарсы вакциналаудан кейін бірде-бір өлім тіркелген жоқ. Бұл туралы көрші елдің ковидке қарсы штабының мүшесі Севара Убайдуллаева мәлімдеді. Оның сөзінше, әлеуметтік желіде вакцинадан кейін жағдайы нашарлады немесе қайтыс болды деген сарында кеңінен тараған бейнеүндеулерді зерттейтін арнайы жұмыс топтары құрылған.
Нәтижесінде, жанама әсерлер мен өлім-жітімнің ешбірінің вакцинаға қатысы жоқтығы расталды. Сондай-ақ, маман екпе салдыртуға қарсы көрсетілімі бар пациенттерге вакцина салынбайтынын ал, кей адамдарда болатын аллергиялық реакциялардың қалыпты екенін атап өтті.
Айта кетейік, Өзбекстанда жаппай вакциналау 1 cәуірде басталып, бүгінде 2 миллион адам коронавирусқа қарсы екпені толық салдырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13
Үгіт-насихат науқанының аяқталуына 1 апта қалды
14.08.2026, 20:12