Бюджет кірісін ұлғайтуға басымдық беріледі
Елімізде қолма-қол ақшасыз айналымдарды әкімшілендіру мен фискалдық заңнаманы сақтау бағыттары күшейтіледі. Көлеңкелі экономиканың үлесін 2025 жылға дейін 40 пайызға төмендету жұмыстары ширай түседі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері мәлімдеді. Кешенді шаралар Президенттің Жолдауда бюджет кірісін ұлғайту бойынша берген тапсырмасын орындауға тың серпін береді. Барлық процестер цифрландырылып, заңбұзушылқатар қашықтан анықталады. Мысалы, жыл басынан кәсіпкерлерге 40 мыңға жуық электрондық хабарлама жолданған. Нәтижесінде бюджетке қосымша 132 млрд теңгеден астам салық түсті. Мұның сыртында тауарларды қадағалап отырудың ұлттық жүйесі іске қосылады.
Жайдар Іңкәрбаев, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:Комитетте Электрондық декларациялау орталығы мен Ахуалдық орталығы жұмыс істейді. Олардың жұмысында контрабандалық схемалар есебінен бюджетке толық түспеу тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік беретін электронды құралдар тиімді іске қосылатын болады.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13