Геологиялық барлауға бөлінетін қаржы артпақ
Елімізде геологиялық барлау жұмыстарына бөлінетін қаржы көлемі 30 пайызға артпақ. Экология, геология және табиғи ресурстарды қорғау министрлігінің хабарлауынша енді бұл бағытта жыл сайын 11 миллиард теңге бөлінбек. Бұған дейін 7,5 миллиард беріліп келген еді. Енді қаржы көлемін арттыру ескірген техникалық базаны жаңарту, зертханалар ашу секілді саладағы түрлі мәселені шешуге мүмкіндік бермек. Бұл барлау жұмыстарын жаңа деңгейге көтеріп, қойнауы бай жерлерді көптеп табуға сеп. Осы арқылы 5 жылда бұл салаға 800 миллиард теңгеден астам инвестиция тарту көзделген. Әрі жыл сайын мың жаңа жұмыс орыны ашылады деп күтілуде.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13