Жеке тұлғалар мен шағын бизнес өкілдері биыл 5,4 трлн теңге несие алған
Жеке тұлғалар мен шағын бизнес өкілдері биыл 5,4 трлн теңге несие алған. Елімізде тұтынушылық кредит алғандар бес жылда екі есеге өскен. Ұлттық банктің ақпаратынша, Алматы тұрғындары 1,6 трлн теңгеге несие рәсімдеген. 2016 жылдан бері 60%-ға көбейді. Сонымен бірге Нұр-Сұлтан мен Шымкентте де екінші деңгейлі банктерден кредит алғандар көп. Азаматтар тұтынушылық несиенің 8,6 млрд теңгесін шетелдік валютамен алған. Еске салайық, Қаржы нарығын реттеу агенттігі екі банкке айыппұл салған. Қаржы институттары жарнама кезінде несиенің жылдық сыйақы мөлшерлемесіне қатысты нақты мәлімет бермегені үшін жауапқа тартылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13