Несиесін төлей алмай жүргендерге жеңілдік жасау ұсынылды
Несиесін төлей алмай жүргендерге жеңілдік жасау керек. Бүгін Мәжіліс депутаттары осындай бастама көтеріп, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сауал жолдады. Айтуларынша қазір халық банкке белшеден қарызға батып жатыр. Кейбірі табысынан айырылып, тіптен қиын жағдайда қалған. Сол үшін де Алматыдағы секілді қайғылы оқиғалар орын алады дейді депутат. Сондықтан ипотекалық несиені ғана емес, қаржы ұйымы алдындағы кез-келген қарызын 90 күннен артық төлей алмағандарға, өсімпұл есептеуді доғару керек дейді. Бұл онсыз да қаржылық қиындыққа тап болған адамды қинай түседі дейді олар. Айтуларынша былтыр берешегін бере алмай қалған клиенттерден ақша, көлік немесе жылжымайтын мүлікті тартып алуға қатысты 185 мың іс банктердің пайдасына шешілген. Осы ретте мәжілісмендер кепілге қойылған мүлікті тартып алғанның орнына, клиенттердің өздері соны сатып, қарызын жабатындай жағдай жасау керек деп отыр.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13