Таразда 10 дана батарейканы 9 миллион теңгеге сатып алмақ болған
Таразда шенеуніктер 10 дана батарейканы 9 млн теңгеге сатып алмақ болған. Облыс әкімдігіне қарасты цифрлық технологиялар басқармасының мемлекеттік сатып алу сайтында осындай баға көрсетілген. Басқарманың бұл жоспары жүзеге асқанда нарықта ең арзаны 70 теңге тұратын заттың әр данасына 901 мың 700 теңге бөлінетін еді. Бірақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері заңсыздықтың жолын кесті. Ұсыныс хат жазып, тауардың құнын 299 теңгеге дейін төмендеткен. Ал, басқармадағылар тапсырыс беру кезінде қателік кеткен деп түсіндірді.
Дәурен Омаров, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы
Осы секілді жағдай Тараз қаласы білім бөліміне қатысты мәселе болған. Ол жерде компьютерлердің бағасы 380 мыңға аламыз деп жоспарланған болса оның нарықтағы бағасы 280-300 мың теңге тұратыны белгілі болды. Соған байланысты ұсыныс хат жолдап, шамамен 16 млн теңге үнемдеу жағдайлары болып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13