Жыл соңына дейін ет пен жұмыртқа қымбаттауы мүмкін
Ал жыл соңына дейін елімізде жұмыртқа мен еттің бағасы күрт қымбаттауы мүмкін. Ет одағы төрасының айтуынша қазір фермерлер 1 келі сиыр етін көтерме баға 1800 теңгеден беріп жатыр. Бұл арзан. Өйткені жемнің жетіспеушілігіне байланысты өндірушілер ет бағасын түсіріп отыр дейді. Десе де қарашаның соңында бұл мәселе шешілген бойда баға аспандайтынына сенімді. Еттің көтерме бағасы келісіне 300-400 теңгеге қымбаттайды дейді. Сондай-ақ жұмыртқа бағасы да көтерілмеді деген болжам бар. Кәсіпкерлердің айтуынша бұған астық бағасының өсуі әсер етпек.
Максим Божко, жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының басшысы:Қазір фабрикаларда он жұмыртқа шамамен 350-360 теңге тұрады. Бағалар жазда өнімге сұраныс төмендеп, өндірушілер шығынға ұшыраған кезде 200 теңгеге дейін төмендегеннен кейін қалпына келді. Қазір бидай қымбаттауда. Сондықтан жұмыртқалардың да бағасы көтеріледі. Оның қаншалықты өсетінін нақты айта алмаймын.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13