Украиналық стюардессаларға қолайлы киінуге рұқсат берілді
Украинадағы жекеменшік әуе компанияларының бірі борт қызметкерлерінің униформасын өзгертті. Жаңа тәртіпке сай стюардессалардан енді тар етек пен тар көйлек және биік өкше кию талап етілмейді. Яғни, олар жұмыста спорттық аяқ киіммен, шалбармен, футболкамен жүре алады. «Скай-Ап-Эйрлайнс» компаниясы өкілдерінің сөзінше, бортсеріктердің образы романтизмнен арылуы керек. Өйткені, ұшу кезінде жолаушылардың қауіпсіздігіне жауап беретіндіктен, олардың формасы мейлінше қолайлы болғаны абзал. «Құдай сақтасын, егер экипаж кенеттен суға қонып, адамдарды эвакуациялауға мәжбүр болса, өкшелер баспалдаққа зақым келтіруі мүмкін, ал етекті киіммен суда жүзу ыңғайсыз ғой», - дейді ұшақ салонының қызметкерлері.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13
Үгіт-насихат науқанының аяқталуына 1 апта қалды
14.08.2026, 20:12
БҚО – білім сапасы жоғары, үздік өңірлердің қатарында
14.08.2026, 20:08
Аида Балаева балалардың білімі мен жазғы демалысы мәселелері бойынша кеңес өткізді
14.08.2026, 20:08
Бір баланы мектепке дайындау қанша тұрады?
14.08.2026, 20:08