Еліміздің жалпы ішкі өнімі 9 айда 3,4 пайызға өскен
Еліміздің жалпы ішкі өнімі 9 айда 3,4 пайызға өскен. Бұл туралы осы сағаттарда өтіп жатқан Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі мәлімдеді. Қазір жиында қаңтар-қыркүйек айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің атқарылуы талқыланып жатыр. Әсет Ерғалиевтің сөзінше карантинтік шектеулер жеңілдетілгелі барлық сала бойынша тұрақты өсім бар. Әсіресе өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету секторында алға жылжу байқалады. Премьер-министр іскерлік белсенділікті одан әрі қалпына келтіріп, инвестициялар тарту жұмысын жалғастыру маңызды деді. Әрі бюджет қаражатын уақтылы игеруді тапсырды. Сондай-ақ Үкімет отырысында Ұлттық жобалардың іске асу барысы да қаралады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13