Қытайда көмір бағасы шарықтап барады
Қытайда энергетикалық дағдарыс тереңдеп барады. Қыс жақындап қалғандықтан, жылу станциялары өз қоймаларындағы отын қорын мейлінше көбейтуге кірісті. Сондықтан, көмір бағасы шарықтай түскен. Бүгінгі сауда қорытындысына қарағанда, оның бір тоннасының құны 259 доллардан асып отыр. Ал, жыл басынан бері Қытайда көмір нарқы 200 пайыздан астам көтеріліпті. Айта кетсек, қазір әлемнің бірталай аймағында энергия тапшылығы байқалып отыр. Бақылаушылардың ойынша, мұндай жағдайдың қалыптасуына дүниежүзілік экономиканың пандемиядан ес жия бастауы және энергетикалық ресурстарға сұраныстың күрт артуы себепші.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13