Экспорттаушылар шекарадағы мәселені шешуді талап етті
Қытайдың транзитті жүк көліктерін Қазақстанға кіргізбеу керек. Бүгін Алматыда арнайы жиын өткізген отандық тауар экспорттаушылар осыны талап етті. Өйткені шекарадағы мәселе әлі шешілер емес. Ахуал тек ушығып жатыр дейді. Яғни қытай тарапы қазақстандық кәсіпкерлердің тауарын әлі кіргізбей жатыр. Кейбірі кезегін 100 күннен артық күтіп тұр дейді. Соның кесірінен тауар экспорттаушылар 10 миллиард теңгеден астам шығынға батқандарын айтып отыр. Сол үшін қордаланған мәселені жоғары деңгейде Үкіметтің көмегімен шешу керек дейді. Егер бұған да көнбесе, Еуропаға, Ресейге, Қырғызстан мен Өзбекстанға тауар жеткізу үшін Қазақстанды басып өтетін Қытайдың транзитті жүк көліктерінде елімізге кіргізбеу керек деп отыр.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13