Қазынаға ірі бизнес субъектілерінен 3 триллион теңге салық түсті
Ірі бизнес нысандарынан мемлекеттік бюджетке 3 трлн теңгеден аса салық түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36 пайызға көп. Елде мұндай ауқымды компаниялар саны 343 болса, оның 98-і жер қойнауын пайдаланушылар. Қалғаны – экономиканың түрлі секторларында ірі салық төлеушілер.
Олар қазынаның жартысына жуығын толтырып отыр. Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары 9 айдың қорытындысы бойынша ең ірі көлемде салық төлеген компанияларды да атады.
Ануар Сүлейменов, ҚР ҚМ МКК Ірі салық төлеушілер департаментінің директоры:
Түсімдердің ұлғайуы пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіру және салықтық әкімшілендіру саласын жақсарту кезеңіне келді. Тоғыз айда 34 салықтық тексеру жүргізілді. Нәтижесі бойынша 46,5 млрд теңге салықтар мен өсімпұлдар қоса есептелді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13