Боливияда үкіметке қарсы ереуіл төртінші күнге жалғасты
Боливияда үкіметке қарсы ереуіл төртінші күнге жалғасты. Бейсенбіде наразылық акциясы полиция, демонстранттар және билік жақтастары арасындағы тәртіпсіздікке ұласқан. Одан 1 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды. Жапа шеккендердің арасында тәртіп сақшылары да бар. Жүзден астам адам ұсталған. Боливияның бірнеше қаласында көше саудагерлерінің, шағын бизнес иелері мен оппозиция өкілдерінің ереуілі дүйсенбіде басталды. Наразы халық үкіметтің «Заңсыз кіріс» атты заңына қарсы. Аталған құжат ел тұрғындарын өздерінің табыстары туралы есеп беруге мәжбүрлейді. Ал билік болса, шараны ұйымдастырған оппозицияны мемлекеттік төңкеріс жасамақ әрекеті үшін айыптап отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қожа Ахмет Ясауи мұрасы: Кемелділік моделі және рухани сабақтастық
14.08.2026, 17:29
Қостанайда еріктілер жылыжайға 100 өсімдік түрін екті
14.08.2026, 17:28
Қостанайда жас жол инспекторларының XXI республикалық слеті өтіп жатыр
14.08.2026, 17:24
Конституцияда волонтерлік пен қайырымдылыққа ресми мәртебе берілген
14.08.2026, 17:23
Астанада қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша рейд өтті
14.08.2026, 13:20
Саясаттанушы: Партиялардың халықпен байланысы маңызды
14.08.2026, 13:17
Күн ысып, +44°C-қа жетеді
14.08.2026, 13:15
Жапониядағы тасқыннан төрт адам қаза тапты
14.08.2026, 13:13